Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Балабақша

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы анонс жұртышылықты хабардар ету және оларды сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу процесіне тарту үшін (талдау жүргізу туралы бұйрыққа енгізу үшін) өткізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚР заңының 8-бабының 5-тармағына және "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығына сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін басшылыққа ала отырып, 2026 жылдың 09 қаңтар мен 09 ақпан аралығында 2025 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін мектепке дейінгі ұйымның орналасқан жері: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қарасаз ауылдық округі, Ақбастау ауылы, Береке көшесі 54 үй.