«Қарлығаш» бөбекжай-бақшасы» МКҚК қамқоршылық кеңесі отырысының
№3 хаттамасы
Ақбастау ауылы Наурыз 2026ж
Қатысқандар : Қамқоршылық кеңес мүшелері,балабақша меңгерушісі
Жиналыс төрайымы: Жолдасова А
Хатшы : Тургумбаева А
Күн тәртібі:
1.Балалардың денсаулығын нығайту шараларына қатысу.
2.Балабақшадағы тамақтануды ұйымдастыру сапасына бақылау жасаудың нәтижелері.
3.8-Наурыз, Наурыз мерекелеріне қолдау көрсету.
4.Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,зорлық-зомбылықтың алдын-алу.(Сауалнама)
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша,балабақша әдіскері Алибаева Лариса сөз алып,балалардың денсаулығын нығайту мақсатында жүйелі түрде түрлі сауықтыру шаралары ұйымдастырылды.Атап айтқанда,күнделікті таңғы жаттығулар,серуендеу,қимылды ойындар, таза ауада өткізілетін іс-шаралар жүргізілді.Ата-аналармен бірлескен жұмыстар да ұйымдастырылып,салауатты өмір салтын насихаттау бойынша кеңестер берілді.
Келесі сөз балабақша медбикесі Сейтжанова Ғалияға берілді.Бақылау жүргізу барысында балабақшадағы тамақтануды ұйымдастыру жағдайы жан-жақты қарастырылды.Атап айтқанда,ас мәзірінің құрастырылуы,тағамдардың сапасы,санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы,балалардың тамақтану мәдениеті мен тәртібі бақылауға алынды.Бақылау нәтижесінде анықталды:
-Ас мәзірі бекітілген талаптарға сәйкес жасалған,тағам түрлері және балалардың жас ерекшеліктеріне сай.
-Тағам өнімдері сапалы,сақтау мерзімі мен шарттары талапқа сай сақталған.
-Асхана мен топ бөлмелерінде санитарлық-гигиеналық талаптар орындалды,тазалық деңгейі жақсы.
-Балалардың тамақтану мәдениеті қалыптасқан,тәрбиешілер тарапынан бақылау ұйымдастырылған.
-Қол жуу,жеке бас гигиенасын сақтау дағдыларды жүйелі түрде жүргізіледі.Жалпы алғанда,балабақшада тамақтануды ұйымдастыру сапасы қанағаттанарлық деңгейде.
Келесі сөз балабақша тәрбиешісі Утеева Ажар сөз алды. 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мекемеде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараны ұйымдастыру және өткізу барысында қамқоршылық кеңес мүшелері белсенділік танытып,қолдау көрсетті.Балалардың өнер көрсетуіне қажетті сахналық безендіру мен көрнекіліктерді дайындауға көмектеседі.Мерекелік дастархан ұйымдастыруға қолдау көрсетті.Аталған іс-шара жоғары деңгейде өткізіліп, тәрбиеленушілер мен ата-аналардың көңілінен шықты.Қамқоршылық кеңестің белсенді қатысуы мерекенің мазмұнын байытып,ұйым мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайтты.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша ата-аналардан сауалнама алынды.Сауалнамаға ата-аналар мен мекеме қызметкерлері қатысты.Сауалнама нәтижелері бойынша:Қатысушылырдың басым бөлігі балабақшада балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенін атап өтті.Жалпы қорытынды: Жүргізілген сауалнама нәтижесі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстардың тиімді жүргізіліп жатқанын көрсетті.Сонымен қатар,бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жетілдіру қажеттілігі ұсыныстар арқылы айқындалды.
Қамқоршылық кеңес мүшесі Құралбеков Азамат сөз алып,мереке ұйымдастыруға қосымша ұсынысын берді,ата-аналар мен демеушілердің қолдауын тарту жолдарын айтты.
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің құрамы:
1. Анарбаев Бахыт
2. Абдалиев Рамазан
3. Жандаралы Жансая
4. Кәмкебай Әсел
5. Бозтай Анар
6. Құралбеков Азамат
7. Жарылқапова Гульжамиля
Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып,төмендегідей шешім қабылданды:
1.Балалардың денсаулығын нығайту бағытындағы бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілсін.
2.Балабақшадағы тамақтануды ұйымдастыру жұмыстары толық көлемде ұйымдастырылсын.
3.Мерекелік бағдарламалар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес және қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып өткізілін.
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: А.Жолдасова
Хатшы: А.Тургумбаева

